Құрметті қала тұрғындары!
Сізге менің кәсіби және өмірлік тәжірибеме негізделген сайлау алды бағдарламасымен жолдау үндеймін.
Мен, сіздер сияқты, күн сайын жұмыс орнына, дүкендерге, әртүрлі мекемелерге барамын, халықпен араласып,
олардың проблемалары мен үміттерін көремін - олар менікімен үндеседі. Мен 35 жастамын, өндірістік
компанияда он тоғыз жылды құрайтын жұмыс тәжірибем жинақталған. Еңбек жолымды ең төменгі деңгейден бастап,
қазіргі таңда өз біліміммен, ақыл-ой парасаттылығыммен және өз күшіммен көптеген жетістіктерге жеттім.
Орал қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі бола отырып, мен проблемалардың ауқымын жақсы білемін: балабақшалардағы орындардың тапшылығы,
ересек адамдардың жұмыспен қамтылуы, қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілуідің қанағаттанарлықсыз деңгейі және т.б.
Өмірімізді қалай жақсы жаққа өзгертуге және қаламызды көркемдеп, таза болуын қалай қамтамасыз етуге болатынын білемін.
Бағдарламаның негізгі ережелері.
Қалалық мәслихатта халық мүддесін берік және бұлжытпай қорғаймын. Билік әрбір адамның күнделікті проблемаларына,
алаңдаушылығына мүмкіндігінше жақын болуы керек.
Қала аумағын, аулаларды абаттандыру бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу: А. Хусаинов көшесі 55, Н. Назарбаев даңғылы 207, Н. Назарбаев даңғылы 191/1,
Есқалиев көшесі 146, 148, Л. Толстой көшесі 30/1, 30/2, Джексенбаев көшесі 65, 67, Сарайшық көшесі 25, 25/1
- көшелердің шұңкырлы жолдарына жөндеу жүргізу: Т. Масин және А. Хусаинов
- ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша (үйлердің шатырлары мен жертөлелерін) жөңдеу жұмыстарын орындау
- қала тұрғындарын таңертеңнен кешке дейін қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерді шешу
- иесіз иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған қосымша питомниктер құру, оларды биостерилизациялауға және чиптеуге бюджетті ұлғайту
Қаланың өкпесі" болып саналатын жасыл желектердің санын негізсіз қысқартуға жол бермеу, қалалық бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану.
Қала тұрғындары үшін балалар ойын алаңдарын, скверлер мен демалыс орындарын көбейту мақсатында қаражатты ұлғайтуға қол жеткізу.
Тұрғын үй мәселелерін бірлесіп шешу үшін ОСИ және ЖМ қызметін қолдау.
Менің қолымнан келеді, ол менің міндетім!
mikhail@dudnichenkov.kz